Швейцариялық Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглмен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті мазмұнды ұлғайту бойынша ынтымақтастықтың басым бағыттарын қарастырды.

Тау-кен металлургиясы мен энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру жоспары талқыланды. Айта кетейік, Glencore «Қазцинк» тау-кен компаниясының акциялар пакетіне иелік етеді. Компания құрамындағы кәсіпорындар Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында орналасқан.