Иранның тақ мұрагері Реза Пехлеви аятолла Әли Хаменейге отставкаға кетуге ұсыныс жасады. Сөйтіп, елдегі жағдайды реттемек мақсатта билікті өз қолына алмақ. Тіпті өзін Иран Ислам Республикасын басқаруға лайықты үміткер ретінде ұсынды. Сондай-ақ демократиялық және зайырлы күштердің көпшілігін өзімен бірге болуға шақырды. Қазіргі ахуалды Иран үшін өтпелі кезең деп атап, «қақтығысты тоқтату үшін бүгінгі діни режимді толық жою керек», – деп мәлімдеді.
Иранның соңғы шахының үлкен ұлы Пехлеви 40 жылдан астам уақыт бойы қуғында өмір сүріп келеді. Оның әкесі Мұхаммед Реза Пехлеви АҚШ-тың қолдауына ие болған. 1979 жылғы Ислам революциясының нәтижесінде шах билігі құлап, билікке діншілдер келген болатын.