Петропавлда мектеп түлектеріне аттестат табыстау рәсімі кезінде акт залының төбесі опырылып түсті.

Оқыс оқиға қалалық №9 мектепте тіркелді. Төбе құлаған сәтте нысанда 130 адам болған. Жапа шеккендер жоқ. Мектеп ғимараты 1989 жылы салынған. 150-ден астам бала оқып жүр. Білім ошағында 5 жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілген. Шатыр ауыстырылып, ғимараттың төбесі толықтай қапталған. Аталған дерекке қатысты арнайы комиссия құрылады.

Гүлден Әленова, мектеп директоры:

Төбе құлаған сәтте салтанатты шара соңына таяп қалған болатын. Балалардың барлығы сахнада тұрды. Ата-аналар алдыңғы қатарларда отырды. Себін анықтап, ақауды толық жоямыз.

Эльмира Кәленова