Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы Газа секторында оқ атуды тез арада біржола тоқтату және тұтқындарды босату туралы қарар қабылдады, деп хабарлайды 24kz.
Құжатты 149 ел қолдап, 12-сі қарсы шығып, 19-ы қалыс қалған. Қарарда Израиль аштықты соғыс құралы ретінде пайдаланып отыр деген айыптау бар. Талап бойынша Израиль Газа секторын оқшаулауды тез арада тоқтатып, барлық шекара бекеттерін ашып, жергілікті тұрғындарға азық-түлік пен гуманитарлық көмекке қол жеткізуге толық мүмкіндік беруге міндеттелді.
Төрткүл дүниенің назарын аударған Таяу Шығыс пен Газа секторындағы текетірестер жайлы толығырақ сағат 21-00-де арнамыздағы арнайы шығарылымнан көре аласыздар.