Израильдегі жағдайдың ушығуына байланысты, Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі мәлімдеме жасады. Сол елде жүрген барлық отандасымызды Тыл қолбасшылығының нұсқаулығын орындауға, қауіпсіздік шараларын сақтауды, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалап отыруды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды. Сонымен бірге, Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефоны іске қосылды. Байналыс номері экранда көрсетілген.
Асылбек Данияр