Биыл елдің экономикалық өсімі 5%-тен асады. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін түркі мемлекеттерімен тиімді ынтымақты нығайту маңызды. Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдер парламенттерінің спикерлерімен кездесуінде осылай мәлімдеді.
Былтыр жалпы ішкі өнімнің көлемі 290 миллиард долларға жуықтаған. Бұл бір адамның басына шаққанда 14 мың доллар деген сөз. Бірақ алда ірі инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырып, жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мақсаты тұр. Ауыл шаруашылығына қолдау көрсетіп, көлік-логистика саласының әлеуетін арттыру да негізгі талап. Ал Астанадағы алқалы жиын «ТURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі» деген тақырыпта өтеді. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан түркі мемлекеттерінің парламенттік дипломатиясын барынша қолдайтынын айтты. «Тату болсақ, құбылмалы заманды аман-есен еңсереміз», – деп сөзін түйіндеді.