Парламент Сенатының төрағасы Ресей елшілігі ұйымдастырған салтанатты қабылдауға қатысты, деп хабарлайды 24kz.

Іс-шарада Мәулен Әшімбаев қатысушыларды Ресей күнімен құттықтап, екі ел арасында стратегиялық серіктестік пен одақтастық орнағанын атап өтті. Сондай-ақ ол саяси диалогтың жоғары деңгейін, терең экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды, Тәуелсіздік алғалы бері қалыптасқан берік шарттық және құқықтық базаны тілге тиек етті. Бұл ретте Мемлекет басшылары арасындағы ашық және сенімді диалогтың маңызды рөл атқаратыны да айтылды. Сенат төрағасы қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жолында парламентаралық ынтымақтастықтың да маңызды екеніне назар аударды.