Қаңтарда Қазақстан 78 мың тонна жеміс-жидек импорттады. Бұл 34%-ке көп. Ал былтыр елге 835 мың тоннадан аса өнім жеткізілген, деп хабарлайды 24kz.
Импорт үшін Қазақстан 455 млн доллар төледі. Қазақстандықтар алма мен алмұртты көп тұтынады. Негізгі жеткізуші Польша болғанымен, өткен жылы Иран және Қытайдан келетін өнімдердің үлесі 4 есе артқан.
Дүкен-базарлардан экзотикалық жемістердің де түр-түрін кездестіруге болады. Цитрустың дені Қытайдан келеді. 136 мың тоннасын импорттадық. Енді осындай өнімдердің сапасы қандай? Зияны не туралы не білеміз?
1. Қазіргі кезде базарларда, дүкендерде сатылатын жеміс-жидектердің сапасына сенуге бола ма?
2. Неліктен кейбір жеміс-жидектердің сыртқы келбеті тартымды, бірақ дәмі жоқ?
3. Нитраттардың көп мөлшері ағзада қандай ауруларға әкелуі мүмкін?
4. Қандай белгілер жемісте немесе көкөністе нитраттың көп екенін білдіреді?
5. Тыңайтқыштармен өсірілген өнімнің экологиялық қауіпсіздігіне қалай көз жеткізуге болады?
6. Жаз мезгілінде, әсіресе, балалар мен қарттар уланып қалмауы үшін қандай тағамдардан аулақ болғаны жөн?
7. Құймалы балмұздақ қауіпті ме? Жалпы жазда көп тұтынатын осы өнімді таңдауда неге мән берген жөн?
Спикерлер: Мұхамғали Арыспаев, Астана қ-сы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының орынбасары; Назым Жетесова, Ұлттық сараптама орталығы зертханасының маманы.