Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және бірінші вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Үкімет қаулысымен Асқарбек Маратұлы Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған.

Сондай-ақ үкімет қаулысымен Виктория Вильгельмовна Шегай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалған.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, "Нұр" Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.

2000-2014 жылдары банк саласында жұмыс істеген.

2014 жылы – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының міндетін атқарушы.

2014-2021 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры.

2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.

2022-2023 жылдары – ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппараты экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2023-2024 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

2024-2025 жылдары – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

Виктория Шегай. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Виктория Шегай 1981 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiн, Мирас университетін, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ есеп айырысу операциялары бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2004-2017 жылдары "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ, "БЖЗҚ" АҚ-да жетекші маманнан департамент директорына дейін түрлі лауазымды қызмет атқарған.

2017-2018 жылдары – "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ штаттан тыс қызметкері.

2018-2022 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің басқарма басшысы, директоры.

2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК-ның аға ғылыми қызметкері, реттеу саясаты секторының басшысы болған.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры қызметін атқарған.