Астана, Алматы мен Шымкенте 8 маусым күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 26 градус, түнде 21 градус болады. Желдің жылдамдығы 4,9 м/с-ге жетеді.

Астанада да аздап жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 16 градус, түнде 11 градус болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы – 10,3 м/с.

Шымкентте күн ашық. Күндіз термометр бағаны 35 градус, түнде 19 градус болады. Желдің жылдамдығы 6,1 м/с болмақ.