Жапондық Mazda автоконцерні АҚШ-тан 171 мыңнан аса көлікті кері қайтармақ, деп хабарлайды 24kz.

Құрама штаттары Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық басқармасының мәліметі бойынша 2024-2025 жылдары құрастырылған темір тұлпарлар қайта жөндеуге жіберіледі. Мамандардың сөзінше, датчиктерден ақау шығып, қауіпсіздік жастықшалары дұрыс істемейді. Яғни, жол апаты кезінде ол ашылмай қалуы мүмкін. Жапондық компания: «Ақауы бар көліктерді тегін ауыстырып береміз», - деп отыр.