«Бір адамның ізгілікті ісі – мыңға үлгі». Эколог күніне орай Алматы облысы, Талғар ауданында да ауқымды эконауқан өтті. Табиғатпен етене үндесуді көздеген шаралар туралы әріптесім Жазира Оразқызы баяндайды.

Жазира Оразқызы, тілші:

Бүгінгі экологиялық акция менің жанымда тұрған жас өрендермен бірге мынадай пластик ыдыстарды арнайы жәшікке тастау ациясынан басталды. Мінеки, бәріміз тастаймыз бірге. Осылайша балалар қалдықты сұрыптау мәдениетін көрсетіп жатыр.

- Мен пластик ыдыстарды қоршаған ортаны қорғау үшін тастап жатырмын.

- Достарыма, бүкіліне айтарым: табиғатты қорғаңдар.

Жазира Оразқызы, тілші:

- Эконауқан аясында менің көзіме түскен ерекше жобалардың бірі осы. Киізден жасалған кітап, отандық өндірістегі инновация саналады. Еліміздегі ең алғашқы жобаның авторы – Зухра ханым. Сәлеметсіз бе! Жобаның маңызы неде?

Зухра Серікқызы, әлеуметтік кәсіпкер:

Экологиялық таза, баланың дамуына ғана әсер етпей, қол моторикасын жақсартады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдануға болады.

Жазира Оразқызы, тілші:

- Ж.Нәжімединов. «Менің Қазақстаным». Осындай құнды еңбектерден тұратын, «Кітаппен бөліс, біліммен бөліс» жобасы – осы шарадағы маңызды бастаманың бірі. Оның құндылығы неде, Жанерке ханымнан сұрайтын боламыз. Бұл бастама өскелең ұрпаққа не береді?

Жанерке Биғазинова, «Алматы» мемлекеттік табиғи қорығының бөлім басшысы:

Мысалы бір кітапты басып шығу үшін 15 кітап керек екен. Кем дегенде 1 тонна қағаз өндіру үшін 12-24 ағаш кесілу керек. Өсіп шығуы үшін 10 жыл қажет. Буккросиң – кітаппен алмасу орман алқаптарын сақтауға 15 пайызын септігін тигізеді деген ойдамыз.

Жазира Оразқызы, тілші:

Көп рахмет! Осындай ерекше бастамаға толы эконауқан Талғар ауданында жоғары деңгейде өтті.

Жазира Оразқызы