Елімізде ерекше қажеттіліктері бар спортшылар арасында жетінші Спартакиада басталды. Жарыстар еліміздің 5 өңірінде ұйымдастырылады. Бүгін Астанада төрт жылда бір рет болатын ірі спорттық шараның ашылу салтанаты өтті. Пара атлеттер спорттың 17 түрі бойынша бақ сынайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл қатысушылардың саны рекордтың көрсеткішке жетті. Еліміздің барлық аймағынан келген екі мыңға тарта Тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар жандар жүлдеге таласады.

Марат Қасқырбаев, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басқарма басшысы:

Биыл тұңғыш рет алты спорт түрі енгізілді. Бұл бочча, пара велоспорт, әйелдер арасындағы голбол және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында үш спорт түрі енгізілді. Ол пара жүзу, пара жеңіл атлетика және үстел теннисі.

Асылбек Данияр