Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының Ұлт­тық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ведомстволық наградалардың бірыңғай стандартын және тізімін әзірлеу жөніндегі мәселені талқылады.

Басқосуда Мәдениет және ақпарат министрлігі ве­дом­­стволық наградаларды қол­дану және жетілдіру үшін атқарылып жатқан шара­лар бойынша есеп берді. Сон­дай-ақ ведомстволық наградаларды оңтайландыру мен жүйелеудің жалпы тәсілдерін ұсынды.

Жиын соңында Мем­л­е­кеттік кеңесші ведом­ство­лық наградалар сала­сындағы жұмыстарды одан әрі жетіл­діру жөнінде бірқатар тапсырма берді.