«Amanat» партиясы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше шара ұйымдастырды. Жұмысшы мамандық иелерінің балалары Астанадағы ойын-сауық орталықтарының біріне апарылды. Онда балалар түрлі ойын арқылы жұмысшы мамандықтарымен жақынырақ танысты.
Жалпы, саяси ұйым өкілдері «Бақытты отбасы» жобасы аясында ел аумағында 23 мыңнан астам балаға арнап 300-ден астам мерекелік іс-шара өткізген. Еліміздің 20 өңірінде турнирлер, экскурсиялар, анимациялық қойылымдар мен қайырымдылық акциялар ұйымдастырылды.
Ержан Өміралинов, «Астана-Энергия» АҚ машинисі:
Балаларым бүгін осында келіп, жұмысшы мамандық иелерінің кәсіптерімен танысып жатыр. Өз қолдарымен түрлі жұмыстарды атқарып көріп, тәжірибе жинауда. Бұл олардың болашақта мамандық таңдауларына оң әсер етеді деп үміттенемін.
Оңғар Алпысбайұлы