Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Шұғыл

«Amanat» партиясы жұмысшы мамандардың балаларын мерекемен құттықтады

«Amanat» партиясы жұмысшы мамандардың балаларын мерекемен құттықтады

«Amanat» партиясы құрылыста, өндірісте, коммуналдық салада және өзге де маңызды қызметте еңбек етіп жүрген азаматтардың балаларын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды 24kz.

Елордадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде «Жастар рухы» жастар қанаты жұмысшы отбасылардан шыққан бүлдіршіндердің басын қосты. Негізгі мақсат – оларды түрлі ойындар арқылы жұмысшы мамандықтармен таныстыру. Балаларды қорғау күніне орай партиялықтар ел аумағында 23 мыңнан астам балаға арнап 300-ден астам мерекелік шара өткізді. 20 өңірде турнирлер, экскурсиялар, анимациялық қойылымдар мен қайырымдылық акциялар ұйымдастырылды.

Ақерке Ескендірова, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:

– Ең бастысы, біз Жұмысшы мамандықтар жылы болғаннан кейін балаларға осы жұмысшы мамандықтарды көрсеттік. Бұл жерге жұмысшы мамандықтар иегерлерінің балалары және әлеуметтік осал топтағы балалар шақырылды. Болашақта осы іс-шара оларға өз мамандықтарын таңдауға өз үлесін қосады деп сенеміз.

Ержан Умралинов, «Астана-Энергия» АҚ-ның машинисі:

– Балаларыма ұнап жатыр. Балаларым келіп, жұмысшы мамандық иелерінің кәсіптерін көріп, қолмен өздері жұмыс көрсетіп жатыр. Болашақта өзіне мамандық таңдауға әсері тиеді деп үміттенемін.