Жамбыл облысы Шу қаласында жылына 1 500-нан аса локомотив жөндейтін алғашқы техникалық қызмет көрсету депосы ашылды. Жобаға көлік саласындағы әлемдік көшбасшы ALSTOM компаниясы 3,5 млрд теңгеге жуық инвестиция салған. Осылайша өңірде жаңа 100 жұмыс орны ашылып отыр.

Тоғыз жолдың торабы Шу қаласында электровоз жөндейтін жаңа депо пайдалануға берілді. Бұл елімізде 37 жылдан кейін ашылған алғашқы техникалық қызмет көрсету кәсіпорыны. Франциялық ALSTOM компаниясы соңғы үлгіде цифрланған депо құрылысын екі жылда аяқтады.

Жером Бойе, «ALSTOM» компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры:

Жаңа депоның ашылуы инновация мен ынтымақтастықтың жақсы жолға қойылғанын білдіреді. Бұл «Қазақстан темір жолы» компаниясымен 15 жылдан бері тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан еңбектің жемісі. Жалпы Қазақстанда инвесторлар үшін қолайлы климат қалыптасқан. Сондықтан біз осы елде құны 25 млрд теңге болатын 4 жобаны жүзеге асырудамыз. Соның бірі Шудағы депоға 3 млрд теңгеден астам қаржы құйдық.

Ал аталған 4 ірі депоның сервистік қызмет көрсету көлемінің 25% осы Шуда жүзеге асады. Ал бір жылдан кейін қуаттылығы 45% жетпек. Енді тұрақты жұмыспен қамтылған 100 қызметкердің тең жартысы франциялық мамандардың екі айлық курсынан өтпек.

Олжас Ахметов, Компанияның қызмет көрсету бойынша директоры:

Адамдардың саны бұдан да өсіп бастайды, 45 пайызға дейін жұмысты жасау үшін. Айына бізде бағдарлама бойынша 120 локомотив жөнделеді. Әр локомотивке бізге 12 сағат уақыт кетеді.

Ал алдағы 2 жыл ішінде дәл осындай деполар Астана, Алматы және Арыс қаласынан ашылмақ. Айта кетейік, биыл өңірде 175 млрд.теңгеден асатын инвестициялық қаржыға 30 жоба іске асады.

Данияр Әлімқұл