Өскемен қаласындағы «Казцинк» ЖШС аумағында болған жарылыстан кейін тоғыз адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккен екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

— Тағы бір адамға оқиға орнында реанимациялық көмек көрсетіліп жатыр. Бір зардап шегушіні кәсіпорын қызметкерлері өз күштерімен медициналық мекемеге жеткізді, — деп хабарлады төтенше қызмет өкілдері.

Сол жерде жедел жәрдемнің бес бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қалған зардап шегушілердің жағдайы нақтыланады.