Израиль Газа секторында оқ атуды тоқтату туралы АҚШ ұсынысын қабылдады .

Бұл туралы «Би-Би-Си» телеарнасы хабарлаған. Құрама Штаттардың жаңа ұсынысын осы елдің арнаулы өкілі Стив Уиткофф жеткізді. Құжатқа сәйкес, ХАМАС 10 израиль тұтқынын босатуы және қаза тапқан 18 адамның мәйітін беруі тиіс.

Бұған қарымта ретінде 60 күнге оқ ату тоқтайды. Осы аралықта тараптар бейбіт бітімнің мерзімін ұзарту жөнінде келіссөзге келуі керек. Израиль де мыңнан астам палестиналықты қамаудан босатып, Газа секторындағы барлық ұрыс қимылдарын тоқтатуға міндетті болмақ. ХАМАС әзірге жаңа ұсыныс бойынша мәлімдеме жасаған жоқ.