Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды.
Жексенбі күні Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қозғалысы толықтай тоқтап қалды. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен қақтығысты реттеу мүмкіндігіне қатысты мәлімдемесі әсер етті. Бұл туралы теңіз көліктерінің қозғалысын бақылау деректеріне сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
3 мамырда Ақ үй басшысы Дональд Трамп Вашингтонның қақтығысты реттеу жөніндегі ұсыныстарына Иранның жауабын қабылдауы екіталай екенін жеткізді. Ол Тегеран "тиісті құнын өтеген жоқ" екенін айтты.
Осылайша сенбі күні теңіз дәлізін екі бағытта тоғыз кеме пайдаланса, Bloomberg агенттігі жексенбі күні екі ирандық коммерциялық кеменің өткенін тіркеген.
Агенттіктің хабарлауынша, бұл "бұғазға қолжетімділік тек аймақпен байланысты немесе билік тарапынан рұқсаты бар кемелермен шектеліп отырғанын көрсетеді".
БАҚ-тың жазуынша, соңғы апталарда көптеген кеме бұғаздан транспондерлерін өшіріп өтетін болған. АҚШ Әскери-теңіз күштерінің теңіз блокадасы жағдайында кейбір ирандық коммерциялық кемелер таратқыштарын тек Оңтүстік-Шығыс Азия суларына жеткеннен кейін ғана қосуы мүмкін екені белгілі болды.
Bloomberg Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін Ормуз бұғазы арқылы еркін кеме қатынасының жуық арада қайта жанданатынына сенім әлсіреді.