Бүгін – Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық бітімгерлер күні. Қазақстан мен Ұйым арасындағы бітімгерлік ынтымақтастық 2014-ші жылы басталды. Сол жылы Қарулы Күштердің әскери қызметшісі алғаш рет Батыс Сахараға ұйымның әскери бақылаушысы ретінде жіберілді. Содан бері 750-ден астам қазақстандық әскери қызметші Африка мен Таяу Шығыстағы БҰҰ миссияларына қатысып келеді. Бұл бастама еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттырып, қазақстандық әскерилерге кәсіби тұрғыдан өсіп, мол тәжірибе жинақтауға жол ашты. Бітімгерлердің қызметі халықаралық деңгейде жоғары бағаланып келеді.
Динара Жарқынбек