Берлинде Санта-Клаустардың дәстүрлі қайырымдылық жарысы өтті. Шараға рождестволық киім киген мыңдаған азамат қатысты.
Мұндай марафон жыл сайын желтоқсан айында ұйымдастырылады. Қатысушылар алдымен жарна төлеп, арнайы костюм сатып алады. Ал жиналған қаражат Қызыл Крест ұйымы мен балалардың медициналық орталықтарын қолдауға жұмсалады. Жүгіруге түрлі жастағы адамдар қатыса алады. Қайырымдылық марафондарын Латвия мен Францияда да өткізу жоспарланған.