Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жерлесіміз рапирамен семсерлесуден Исламиаданы екінші орынмен аяқтады.
Финалда ол Түркия өкілі Алара Атмакамен кездесті. Тартысқа толы өткен айқаста түркиялық спортшы 15:13 есебімен жеңіске жетті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!