Ақтауда жанармай құю бекетін тонаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнде жанармай құю бекетінде белгісіз ер адам кассирге пышақ көрсетіп, қорқытып, ақша талап еткен. Ол қолма-қол қаражатты иемденгеннен кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

"Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Күдікті бір сағат ішінде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деді полиция.

Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget