Тесла компаниясы АҚШ-тағы көлік өндірісінде қытайлық бөлшектерді пайдаланбайды. Алдағы екі жылда олар толықтай басқа елдерде өндірілген автобөлшектерге көшуге ниет білдіріп отыр.
Бұған Қытайдан келетін тауарларға салынатын жоғары кедендік алымдар мен геосаяси жағдай себеп. Қазан айының соңында Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуінен кейін АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салынатын алымдарды 47%-ға дейін төмендетті.