Қарағанды облысындағы блок бекетте полицейлер ұрланған жылқылар тиелген жүк көлігін тоқтатты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

9 қарашада Қарағанды облысы Полиция департаментіне Астана қалалық Полиция департаментінен ұрланған жылқылар тиелген КамАЗ жүк көлігі Қарағандыға бағыт алғаны жөнінде жедел ақпарат түскен. Теміртаудағы блок бекеттердің бірінде патрульдік полицейлер осы көлікті тоқтатқан.

Көліктің жүргізушісі — Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны.

"Тексеріс барысында жүргізуші 45 бас жылқыны Степногорск тұрғынынан 13,5 миллион теңгеге сатып алғанын айтты. Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды видеоға түсіріп, әр өңірдегі шаруа қожалықтарының чаттарына жіберген", — деді Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мейіржан Сламбеков.

Біраз уақыттан кейін Ақмола облысының 54 жастағы тұрғыны видеодан өзінің 27 жылқысын таныған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу жүргізіліп жатыр

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget