Сербия халқы Белградта президент Александр Вучичтің саясатына қарсы шеруге шықты .

Жүздеген тұрғын бас көтерген наразылықтың тұтануына Нови-Сад қаласының теміржолында болған қайғылы оқиға себеп. Бір жыл бұрын демалып отырған адамдардың үстіне бетон шатыр құлап, 16 адам қаза тапқан еді. Оқиғадан кейін елде жаппай наразылық басталып, халық президент Александр Вучичтің отставкасы мен билеуші партияны таратуды талап етіп келеді. Шерушілер қайғылы оқиғаға елде жемқорлықтың таралуына жол берген билік кінәлі деп санайды.