Мандарин мен өзге цитрус жемістерге тауарлық түрін сақтау үшін химикаттар қолданылады, ал оның көп мөлшері денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. Бұл жөнінде диетолог Дженни Чише ескертті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, зең саңырауқұлақтарын басу үшін цитрустардың қабығына жиі имазалил мен тиабендазол жағылады. Бұл бауырға және эндокрин жүйеге әсер етеді. Өңдеуге қолданылатын басқа химикаттар да тері тітіркенуі, зат алмасу және жүйке жүйенің бұзылыстар сияқты жағымсыз белгілер тудыруы мүмкін.

Чишенің айтуынша, аз мөлшерде бұл заттар зиян келтірмейді, алайда көп мөлшерде қауіпті болуы ықтимал. Ең үлкен қауіп — цедраны (қабығының ішкі бөлігі) тағамға пайдалану, сондай-ақ одан түрлі тағамдар дайындау. Денсаулықты қорғау үшін диетолог жемістерді мұқият жууға, ал цедраны ас әзірлеуде қолданар алдында сабынмен және щеткамен қосымша тазалауға кеңес берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget