Қарағанды облысында республика күніне орай 300-ден астам мәдени-патриоттық шара ұйымдастырылады.

Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін дәріптейтін маңызды мереке, дейді өңір тұрғындары. Жалпы облыста халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бір мысал, биыл 406 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді.

- Бұл мерекенің басқа мерекелерден айырмашылығы – өзіңнің қамқоршың, өзіңнің панаң, өзіңнің елің, жерің, сенің мемлекетің бар екенін сезіндіретін ұлық мейрам. Кез келген адамның басына іс түссе оны бірінші отбасы, бала-шағасы емес, оны бірінші мемлекеті,оны республикасы қорғайды.

- Жалпы республика күні деген Қазақстан халқы үшін өте маңызды, тарихи сәт. Бұл біздің бірлігімізді, елге деген сүйіспеншілігімізді, елге деген махаббатымызды және тәуелсіз ел, ашық аспанның астында өмір сүріп жатырмыз деген мағынаны білдіреді деп ойлаймын.

- Республика күні дегеніміз бұл халықтың бірлігі мен елімізге деген сенімнің символы деп есептеймін. Болашақ жастардың қолында демекші, осы еліміздің дамуына үлкен үлес қоссақ екен деймІн, жақсы білім алып, жаңа технологияларды меңгеріп.

- Әрине мен үшін республика күні аса маңызды мереке. Қазақ тілінің маманымын негізі. Мына мемлекеттік тілді дамыту барысында оқу үдерісінде қаншама жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тілсіз қоғам болмайды, Сондықтан да қазақ тілінің қоғамдық ролін ары қарай дамытып, абыройын арттыра беру керек.