Кеше, 16 қазанда ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес ұйымдастырған Жастар саясаты кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жиында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру мәселелері талқыланды.

Кеңес мүшесі әрі біздің координаторымыз Тоитов Мейірболат елімізде есірткі айналымының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын күшейту жөнінде өз ұсыныстарын айтып, түрлі пікірлер ортаға тасталды.

"Бүгінгі жиналыста өзекті мәселе көтерілді, ол нашақорлықпен күрес. Бұл мәселе тек өзара ғана шешіле салатын жағдай емес, Президентіміздің өзі есірткімен күреске ерекше көңіл бөліп отыр. Дала қырандары ұйымының 4 бағытының бірі есірткі, яғни нашақорлықпен күрес. Сондықтан біз бұл жолда аянбай қызмет етеміз", — деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дала Қырандары | Жастар қоғамдық бірлестігі (@qyrandary.kz)