Сондай-ақ 1500 білім ордасында қосымша үйірмелер жұмыс істейді. Шахматтың баланың ойлау жүйесіне оң әсер ететіні әлдеқашан дәлелденген. Елде шахматты дамыту-дың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспарына сай, облыс мектептеріндегі үйірмелер саны артады.

Гүлмира Дәулетова, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры:

- Барлық 42 мектепте мұғалімдерді де дайындадық. Бірте-бірте үйреттік. Содан кейін басқа мектептерде қызығушылық арта түсті. Былтыр 600-ге жуық мектеп болды. Биыл 1500 мектепте шахматты бірінші сыныптан бастап міндетті пән ретінде өткізіп жатыр.

Дәрмен Сәдуақасов, Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті:

- Біз Азияда шахматты дамыту бағдарламасын бастадық. Биыл бағдарламаны 7 елде жүзеге асырып жатырмыз. Жақында ғана біз Непалда, Аманда болдық. Біздің мамандар ұлттық құрамаларды, шахмат мектептерін немесе клубтарды оқыту жұмыстарымен айналысуда.