Елордада ерекше білім беруді қажет ететін 200-ге жуық бала қатысқан инклюзивті фестиваль өтті. Шара аясында шеберлік сабақтары мен концерттік қойылымдар ұйымдастырылды. Балаларға арналған түрлі ұтыс ойындары өтіп, бағалы сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты — әр бала өз орнын тауып, қоғамның бір бөлігі екенін сезінуіне мүмкіндік беру. Бұл жоба инклюзия идеясын насихаттап, адамдарды біріктіретін қоғам қалыптастыруға бағытталған. Енді фестивальді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.
Гүлзат Ізбасарова, ұйымдастырушы:
- Біз әйелдер болған соң, балаларды тәрбиелеп отырған соң дұрыс қоғам ұйымдастырайық деген мақсатымыз бар. Қоғамда «ерекше», «бөлек» деген сөздер болмасын деп серіктестеріміздің қолдауымен осындай іс-шараны ұйымдастырдық.