Мадагаскар астанасында мыңдаған адам президенттің отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шықты.

Наразылық білдіргендердің қатарында әскерилер де бар. Олар мемлекет басшысы Андри Радзуэлинаның бұйрығына бағынбайтындарын мәлімдеді. Толқу үш апта бұрын су мен электр энергиясының тапшылығына байланысты басталды. Кейін жағдай ушығып, шерулер кезінде қақтығыс болып, 22 адам көз жұмды. Президент оқиғаны әскери төңкеріс әрекеті деп бағалап, жуық арада халыққа үндеу жасайтынын жариялады.