Шымкентте тал түсте ойын-сауық орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды 24kz.
Қызыл жалын ғимараттың 270 шаршы метрін жалмады. Төтенше жағдай кезінде нысанда эвакуация болмаған. Сондықтан кей адамдар ғиамарат ішінде қалып кеткен. Оқиға орынына келген құтқарушылар жедел сатымен екінші қабаттан 5 адамды құтқарды. Жалпы құтқару жұмыстарына 24 техника мен 80 адам жұмылдырылды. Әзірге шығын көлемі мен зардап шеккендер жайында ақпарат жоқ.
Бекзат Қамбаров, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:
- Төтенше жағдайлар департаментінің бірінші бөлімшелері келген уақытта ойын-сауық орталығының шатырынан қою қара түтін шығып жатты. Өрт 13 сағат 55 минутта толық сөндірілді. Өрттің ошағы – ойын-сауық орталығының екінші қабатында орналасқан киім-кешек сату дүкені. Өрттің шығу себебі анықталуда.