Былтыр әлемдегі әскери шығындар рекордтық 2,7 трлн долларға жетті , деп хабарлайды 24kz.
Біріккен ұлттар ұйымының баяндамасында осылай делінген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9,4%-ке көп. Осы үрдіс жалғаса берсе, 10 жылдан кейін әскери шығын көлемі 6,5 триллион долларға дейін жетуі мүмкін.
Ал Қорғанысқа қаржы жұмсаудан бірінші орында АҚШ тұр. Алпауыт ел жыл сайын 997 млрд доллар бөледі. Одан кейін Қытай – 314 млрд доллар. Ресей үшінші орынға жайғасқан – 149 млрд доллар. Германияның көрсеткіші 88,5 млрд доллар болса, бестікті түйіндейтін Үндістан салаға 86,1 млрд доллар бөледі екен.