Астанада көлік кептелісін азайту мақсатында жұмыс уақыты өзгертілді. Бас қалады 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап әкімдік, комқызмет пен бірқатар мемлекеттік мекеме 7:30-дан жұмыс істей бастады . Бұл тәжірибе дамыған елдерде де қолданылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада бірнеше ұйым 15 қыркүйектен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл шешім жолдарда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өзгерістер қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты болады.

Осыған сәйкес, 15 қыркүйектен бастап қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да басталады, Астана әкімдігінің қызметі – 7:30, кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар – 7:30-8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталу сағаты да сәйкесінше өзгертіледі.

Жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.

Айта кетейік, кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады.

Пробки в Алматы

Бұл шаралар негізгі магистральдардағы таңғы және кешкі сағаттардағы көлік ағынын азайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, жол қозғалысын қиындататын автокөліктердің тұрақ ережесін бұзуы қатаң бақылауға алынады: құқықбұзушылардың автокөліктері айып тұрағына эвакуацияланады.

Болжам бойынша, таңғы және кешкі қарбалас сәтте көлік ағынын 15-20 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік бар дейді сарапшылар. Алайда бұл жаңа жұмыс тәртібі тек орталық аудандарда орналасқан мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға ғана енгізілді. Ал мектеп, балабақша, халыққа қызмет көрсету орталығы сынды әлеуметтік мекемелер, бұрынғыдай, қалыпты тәртіп бойынша жұмыс істей бермек.

Бұл өзгеріске қатысты Мәжіліс депутаты пікір білдірді. Оның айтуынша, жұмыс уақытын өзгерту кептелісті шешпейді.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев ірі мегаполистерде, Астанадан басқа қалаларда, жұмыс уақытын өзгерту кептелісті шешпейді деп есептейді. Депутаттың айтуынша, Астанада айтарлықтай кептеліс жоқ.

«Жеке мегаполистерде кептеліс мәселесін тек жұмыс уақытын өзгерту арқылы шешу мүмкін емес. Мұны шешудің бір ғана жолы бар – қоғамдық көліктерге толық мүмкіндік беру. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер үшін арнайы жолақтар жасау қажет», – дейді депутат.

Оның пікірінше, жолдағы кептелісті азайту үшін қоғамдық көліктің тиімділігін арттыру басты шешім болып табылады.