Елорданың коммуналдық инфрақұрылымын қайта жаңғыртуға 73 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл қаржыға жылу, су және кәріз жүйелерін жаңарту жоспарланған. Игі бастама ұлттық жоба аясында қолға алынып отыр. Қазірдің өзінде бас қаланың ірі компаниялары қаражатқа қол жеткізді. Бұл қатарда «Астана-Теплотранзит», «Астана су арнасы» сынды мекемелер бар. Оларды қаржыландырудың екі түрлі механизмі бекітілді.

Әлия Мырзағалиева, «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры:

- Жалпы биыл біз 22,5 млрд теңгеге қаржыландыруды жүзеге асырдық. Төрт өңір бойынша: Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан өңірлерінде. Көбінесе бізге келіп жатқан жобалардың барлығы жылу-жабдықтау бойынша, электр жабдықтау және сумен жабдықтау бойынша келіп жатыр.