Осылайша, алаяқтыққа барып, қаржыны тіске жұмсамай, қалтаға басқандар ісі әшкереленді. Ал тіс жөндеуге шын мұқтаждар қайтпек? Стоматологиялық қызмет болса, қалтаға ауыр жүк. Әр өңірде тіс жөндеу құны әртүрлі. Бағаны бағамдап көрсек.
Мәселен, Ақтауда тіс жұлу құны 10 мыңнан басталады. Ал пломба қою 15 мыңнан 60 мың теңгенің аралығында. Қызылордалықтар тіс жұламын десе 20-30 мыңға, ал пломба қоямын десе 15-25 мың теңгеге шығындалуға тура келеді. Павлодарда тіс жұлсаңыз, клиникаға 50 мың теңгеге дейін төлеуіңіз мүмкін. Сондай-ақ Өскемен тұрғындары тісіне сапалы пломба салу үшін 80 мыңға дейін шығындалуға мәжбүр. Осы тұста тұрғындар, зейнетақының бір бөлігін тіс емдеу қызметіне жұмсаған ыңғайлы дейді.