Германия Ресей азаматтарына виза беруді қатаңдатуды ұсынды. Бұл бастама Еуроодақтың 19-шы санкциялар пакетіне енгізілген , деп хабарлайды 24kz.

Берлин Еурокомиссияның Шенген визасына шектеу қою жөніндегі ұсынымдарын толық орындауды қолдайды. Германия Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Украинадағы соғыстан кейін ресейліктерге виза беру 90%-ке қысқарған. Дегенмен, өткен жылы, әсіресе, Еуропалық Одақтың оңтүстік елдерінде виза беру қайта артқан. Жаңа санкциялар пакеті 15 қыркүйекте ұсынылады.