Еуропалық комиссия Израильдің бірқатар министріне санкция салуы мүмкін.

Мұны Страсбургте өтіп жатқан ЕуроПарламент сессиясы барысында Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, Тель-Авивке қаржылай көмек тоқтайды. Бұған Израильдің Дохаға шабуылы себеп. Сондай-ақ Еуроодақ Израильмен қарым-қатынасын қайта қарастырмақ. Соның ішінде сауда бойынша байланысты тоқтатуды жоспарлап отыр.