Ирак Қатардың егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдау көрсетуге дайын. Мұны елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді , деп хабарлайды 24kz.

Сондай-ақ Израильдің Дохаға жасаған шабуылына қатысты Мысыр, Ливан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылары да пікір білдірді. Араб елдерінің жетекшілері халықаралық қауымдастықты Израильдің басқыншылық әрекеттерін тоқтатуға шақырды.