Израиль қорғаныс армиясы Қатар астанасы Дохадағы әуе соққысына 15-ке жуық ұшақ қатысып, 10-нан астам бомба тасталды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл туралы Израиль армиясының радиосы «Галей ЦАХАЛ» хабарлады. БАҚ деректеріне сәйкес соққы салдарынан қозғалыстың саяси жетекшілерінің бірі Халиль әл-Хайя қаза тапқан. Белгілі болғандай, жарылыс кезінде ХАМАС-тың жоғары лауазымды өкілдері атысты тоқтату жөніндегі ұсынысты талқылап отырған. Жалпы бұл Израильдің қақтығыс басталғалы бері ел аумағына жасаған алғашқы әуе шабуылы. Қатардың ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта ел астанасында жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.