Былтыр Қазақстан мен Қытай арасында орналасқан 5 кеден бекеті арқылы 15 млн тонна жүк өткізілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21 пайызға көп. Транзиттік әлеуетті арттыру үшін «Достық» станциясында ауыр көліктерді өткізетін пункт салынды.
Сонымен қатар «Достық-Мойынты» аралығында жаңа темір жол желісі тартылып жатыр. Жоба іске қосылғанда тауар айналымы бес есе көбейеді. Алтынкөл-Жетіген бағытындағы шойын жол да жөнделу үстінде. Ал, «Қорғас» пен «Нұр Жолы» өткізу пункіттерінде бірыңғай цифрландыру жүйесі енгізіліп, құрылыс жұмыстары қолға алынған.
Әсет Қанағатов, облыс әкімінің орынбасары:
- «Нұр Жолы» өткізу пункітінде екі айналма жол салынып жатыр. Осы айналма жолдың нәтижесінде «Нұр Жолы» өткізу пункітінде өткізу қабілеті 45 пайызға өсетін болады. Қорғаста биылдан бастап жаңа аэропорт сала бастадық. Осы жобаның нәтижесінде 700 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазақстанның транзиттік әлеуетін көбейтуге мүмкіндік береді.