Елдегі кей каналдағы судың 50-60 пайызы далаға кетуде. Ал құзырлы органдарда тіршілік нәрінің қолжетімді көлемі туралы мәлімет жоқ. Суды есепке алу технологиясы ескірген .

Су саласындағы осы және өзгеде проблемаларды айтқан Президент біріңғай цифрлық платформа жасау міндетін жүктеді. Бұл жасанды интеллект арқылы жерүсті және жарасты сулары туралы мәлімет жинауға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Шын мәнінде су – стратегиялық маңызы бар ресурс, сусыз өмір жоқ. Сондықтан бұл сала ұлттық цифрлық жаңғыру жұмысындағы басты бағыттың бірі болуға тиіс.

Сондай-ақ каналдардың, су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйі жөніндегі ақпарат болады. Жоба іске қосылғанда гидрогеология мониторингі, яғни бақылау жұмысына қатысты мәселе толық шешімін табады. Осы жұмыс Ұлттық су теңгерімін қалыптастыру ісімен қатар жүргізілуге тиіс. Бұл – ұзақ мерзімге арналған су саясатын жоспарлаудың аса маңызды тәсілі. Онсыз бұл салаға тиісті бақылау орнатып, инвестиция тарту мүмкін емес.