7 қыркүйекте Алматыдағы Әуезов ауданында өрт шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, дабыл қоңырауы кезекші пультіне сағат 10:23-те түскен. Өртсөндірушілер 10:59-да "Ветеран" шаруашылық ғимаратты және оның жалғасындағы үш қабатты үйдің шатырына тараған өртті ауыздықтады.
Оқиға орнында үздіксіз су жеткізу қамтамасыз етілді. Қалалық ТЖД-ның 32 қызметкері мен тоғыз техникасы жұмылдырылды.
Шатырдың бір бөлігі құлаған. Қауіпсіздік техникасы сақталып жұмыс жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!