Үндістандағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 500-ге жетті.

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Зардап шеккендердің басым бөлігі Пәкістанмен шектесетін аймақта тіркелді. Пенджаб штатында да соңғы 40 жылдағы ең жойқын тасқын тіркелді. Аймақта төтенше жағдай режимі жарияланды. Су 250-ден астам ауылды басып, 1200 елді мекен қирады. Он мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.