БАҚ-та лауазымды тұлғалар ұсталғаны туралы фейк тарады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, бүгін министрліктердің бірінің басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.

"Кейбір ресми БАҚ пен аноним Telegram арналарда мемлекеттік қызметкерлер ұсталғаны туралы расталмаған ақпарат тарап жатыр. Тарап жатқан ақпараттың дұрыстығын тексеру бойынша міндеттеме, кінәсіздік презумпциясы қағидаты, сондай-ақ, журналистік этика бар екенін есте ұстаған жөн. Расталмаған "хайп" қуамын деген журналистер мұндай ақпарат азаматтар мен олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін, оған қоса жала жабу екенін есте ұстауы керек. Әріптестерімді кәсіби БАҚ пен журналистер ұстануға тиіс міндеттемелерді ұстануға шақырамын, сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламын", — деді Аида Балаева.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget