Бұл – технологияға қарсы күрес емес, балану оқудан алаңдатпаудың жолы, деді депутат Аймағамбетов.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқушылардың смартфон қолдануына тыйым салынғанын жазды.

"Бұл оңай және үйреншікті емес қадам. Мұндай бастама Қазақстанда кең етек алып келеді: бүкіл ел бойынша көптеген мектептер ата-аналар мен оқушылардың қарсылығына қарамастан, осындай ережелерді енгізіп жатыр. Халықаралық тәжірибе бұл трендті растап отыр", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, шетелдегі жетекші орта оқу орындары бұл тәсілді бұрыннан қолданады және ол жақсы нәтиже беруде.

"Еуропалық бірқатар елде мектепте смартфонды қолданбау заңнама тұрғысынан бекітілген. ЮНЕСКО мәліметінше, 2024 жылдың соңында әлемдегі мектептердің 40 пайызы мектепте смартфон қолдануды шектеу бойынша ресми тәртіптер енгізген. Бұл технологиялармен күрес емес, баланы оқудан және қатарластарымен араласудан ештеңе алаңдатпайтын орта құру үшін маңызды", – деді Асхат Аймағамбетов.


Оқи отырыңыз:

  • НЗМ, БИЛ, РФММ мектептерінің емтиханына қалай дайындалу керек?
  • "Үнем білімге кері әсер етпеуі тиіс": Аймағамбетов Назарбаев университетінің мектептерін біріктіру туралы