Білесіз бе? Біздің елде тек қана қатерлі ісіктен жылына 12-13 мың адам көз жұмады. Бұл орта есеппен кішігірім бір қаланың тұрғыны. Осы обыр біз ғана емес әлемді жалмап барады. Дүниеде жыл сайын 19 миллионнан астам адам онкологиялық дертке ұшыраса, олардың тең жартысы яғни 10 миллионға жуығы о дүниелік болып жатыр. Бізде қазір шамамен жылына 40 мың адамнан қатерлі ісік анықталады. Жаңа айттық. Соның 3-тен біріне жуығы жан тапсырады. Өкінішті жағдай әрине. Бұл дертпен күреске дәрменсіз екенбіз. Әлем бірнеше жылдан бері ізденсе де емі табылған жоқ. Тек науқастардың өмірін соза тұруға, сосын өлім жітімді аз да болса тежеуге мүмкіндік бар. Қолдан келетіні осы ғана. Біздің ел қатерлі ісікке қарсы күрестің барлық түрін қолданып келеді. Сол үшін дүниеде бар жаңа құрылғылардың бәрін алып, орнатып жатыр.Тақауда Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың жаңа корпусын іске қосты. Мұндағы бөлімшелердің ішінде маңыздысы — протонды терапия.