Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің үшінші айналымына өтті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Федерацияның мәлімдеуінше, екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық спортшы Чехиядан барған 18 жастағы Тереза Валентованы екі сетте 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 41 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина төрт эйс жасап, екі қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды.
Келесі кезеңде Рыбакина 2021 жылғы US Open чемпионы, ұлыбританиялық Эмма Радуканумен кездеседі.